Сәуір айында бекітілген ережелерге сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті ЖЖМ бөлу СБМАЖ модулінің базасында электрондық форматта жүргізіледі. Өтінімдердің барлығын оның ішінде егін жинау жұмыстарына да жүйеде ЭЦҚ көмегімен беру қажет.

Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпараттық модуль жұмысының пилоттық режимін ескере отырып, өтінімдерді қабылдау мерзімін қоса алғанда 29 мамырға дейін ұзартты.

Биыл егін егуге 419 мың тонна арзандатылған ЖЖМ бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тоннаға артық. Бүгінгі таңда 350 мың тонна немесе жоспардың 83% жөнелтілді. Операторлардың шығындарын ескере отырып, фермерлер үшін республика бойынша орташа баға литіріне 204 теңгені  құрайды, бұл нарықтық құнның үштен біріне арзанырақ.

Қазіргі уақытта АШМ егін жинау науқанын жүргізуге арзандатылған дизель отынына қажеттілік қалыптастырып жатыр.