Оның айтуынша, популяцияның негізгі саны облыстың оңтүстік аудандарындағы жерлерде орын тепкен. Бұлар – Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала және Казталов аудандары.
Киіктер санын реттеу мәселесін шешуге экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар тартылды.
«Жақында ғана біз осы мәселе бойынша кеңес өткіздік, оған бұған дейін ақбөкендердің мекендейтін жерлеріне барып, істің мән-жайын өз көздерімен көрген 4 елдің халықаралық сарапшылары шақырылды», - деді Н. Төреғалиев.
Белгілі болғандай, сирек кездесетін жануарларды қорғау жөніндегі халықаралық Конвенция бар, оған Қазақстанды қоса алғанда, 183 ел кіреді. Осы Конвенцияға сәйкес, популяциясының 95%-ы Қазақстан аумағында болса да, біз ақбөкендердің санын реттеу туралы өз бетімізше шешім қабылдай алмаймыз. Бұл мәселе халықаралық қоғамдастықтың құзіретіне жатады.
Халықаралық сарапшылардың кезекті жиыны биыл Ташкентте өтеді.