Журналистің сұрағына жауап бере отырып, ведомство басшысы құс шаруашылығы саласын субсидиялау тетігіне қатысты жағдайды түсіндірді. Оның айтуынша, құс өсірушілер жыл сайын өндірілген және сатылған құс етінің әр келісі үшін субсидия алады. Бұрын субсидиялар жылына 20 мың тоннадан бастап өнім өндіретін ірі өндірушілер үшін қолжетімді болатын.

«Енді, әзірленген және күшіне енген жаңа ережелерге сәйкес, ең аз көлем жылына 5 мың тоннаға дейін төмендетілді, осылайша субсидия алушылар тобы кеңейтілді және шағын өндірушілер мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алатын болды», – деді министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы бүгінгі таңда өзімізді өзіміз жұмыртқамен толық қамтамасыз етіп отырғанымызды атап өтті. Жұмыртқа өндіру бағытындағы құс өсірушілер үшін де бір бағыттан – мемлекет әр жұмыртқа үшін 3 теңгеден қосымша төлеген тауарлық-айрықша субсидиялардан басқа мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері қолжетімді.

«Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату шеңберінде елімізге қажетті 200 мың тоннадан астам құс етін өндіретін 20-дан астам құс фабрикасын салуды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатқа бағытталған алғашқы 100 млрд теңге биыл бөлініп қойды», – деді Е.Қарашөкеев.