Бұл карталар мектеп ғимаратына кіруге, тамақтануға және оқу материалдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба Астана, Шымкент қалаларында және Маңғыстау облысында жүзеге асырылып жатыр.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылдың қыркүйегінде республика бойынша 1000-нан аса қалалық мектеп оқушылары ID карта пайдаланатын болады.
Жоба Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қарашадағы «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылуда.