Спикердің айтуынша, балалар мерекесі қарсаңында Алматы қаласында оқушылардың Инновациялық шығармашылық орталығы ашылды. Шымкент қаласында 500 орындық Оқушылар сарайы мен 320 орындық Өнер мектебі ашылды. Жетісу облысында балалар шығармашылығының жаңа орталығы ашылды. Абай облысында екі балабақша ашылды.
«Бүгінде бүкіл ел бойынша 3000-ға жуық түрлі өңірлік, республикалық және 30 мыңнан астам мектеп іс-шаралары ұйымдастырылды. Оның ішінде спорттық-сауықтыру, ойын-сауық, экологиялық, шығармашылық, туристік-өлкетану іс-шаралары бар. Онда 3 миллионнан астам бала мен олардың ата-аналары қамтылады», - деді оқу-ағарту министрлігінің өкілі.
Ең көрнекті мәдени іс-шаралардың ішінде спикер мүмкіндігі шектеулі 1200-ге жуық баланың қатысуымен өтетін «Жұлдыз» фестиваль-конкурсы лауреаттарының гала-концертін атап өтті. Бұл тамаша мереке Астанада «Қазмедиа орталығы» концерт залында өтуде.
«Екінші жыл қатарынан оңтүстік астанада 5 мың бала мен олардың ата-аналарына арналған «Алматы БАЛАFEST» ауқымды қалалық фестивалі өтуде. Бүгінгі таңда барлық өңірлерде үздік оқушыларға, түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздарына құрмет көрсетілетін болады. Олардың ішінен 68 бала бүгін Ақорда Президент резиденциясына экскурсияға шақырылды», - деді Н. Оспанова.
Сондай-ақ колледж студенттерінің арасында бүгін кәсіби шеберлік байқауы өткізіледі. Бұл күндері мектептер парламенттерінің мүшелері, балалар омбудсмендері, дебатерлер, балалар қозғалыстарының көшбасшылары түрлі челлендждер мен флеш-мобтарға қатысады, деп қорытындылады спикер және осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық қазақстандық балалар мен олардың ата-аналарын осы жарқын мерекемен құттықтады.