Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы қаулыға толықтыру енгізілді. Құжатқа үкімет басшысы Ә.Смайылов қол қойды. 

Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту үшін аталып өтетін «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелері елімізде де ресми мереке ретінде белгіленді (аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі, әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі).