Осыған байланысты ведомство оларды бұғаттау мәселесін көтерді. Ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, “Ксеll”, “КаР-Тел”, “Altel” және “Теle2” ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктіруді ұйымдастырды.
Қабылданған техникалық шаралар қазақстандық абоненттік нөмірлерге халықаралық трафик арқылы өтетін фрод-қоңырауларды тануға және бұғаттауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде былтыр 6 айда 19 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, ал биыл жыл басынан бері анықталған қоңыраулар 15 млн-нан асады.
Осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оның ішінде “call-орталықтар” деп аталатын қызметті бейтараптандыру және жолын кесу бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, өткен жылы ел аумағында интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан 5 трансұлттық қылмыстық топ анықталып, жолы кесілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде IP-телефонияны пайдаланумен байланысты телефон алаяқтығының саны екі есе төмендеген.