Семинар-тренинг бірнеше шеберлік сыныбынан тұрады: «Ішкі коммуникациялар: мақсаттары мен қазіргі заманғы ұйымдағы рөлі», «Абырой менеджмент. Дағдарыстық коммуникациялар», «Қолданбалы медиация. Дауларды басқару өнері».
Белгілі медиатренерлер мен PR-мамандар – ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өкілі Қуат Домбай, сондай-ақ Samruk business academy өкілдері Фатима Қосаева мен Виктор Гренец өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.
Тренингке орталық мемлекеттік органдардың 40-тан астам қызметкері, сондай-ақ өңірлерден келген мемлекеттік қызметшілер қатысты. Олардың ішінде Бас прокуратура, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, мәдениет және спорт, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің өкілдері бар.
Бірінші күнінің қорытындысы бойынша сертификаттарды табыстаған ОКҚ директоры Асқар Омаров мемлекеттік органдар мен бұқаралық коммуникация құралдары арасында тиімді коммуникациялар құра білудің маңыздылығын атап өтті. Дағдарыстық жағдайларды болжау және олардың алдын алу, бұл өзара іс-қимылды барынша тиімді етеді.
Мемлекеттік қызметшілер тренинг барысында алған білімдерін БАҚ-пен, әріптестерімен және т.б., оның ішінде мемлекеттік органдарға жүгінген адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде қосымша дағды ретінде пайдалана алады. Тыңдаушыларға проблеманы медиация жолымен шешу, дауларды шешу тұрғысынан дағдарыстық жағдайлардан шығу дағдыларын пысықтауға бағытталған практикалық жаттығулар ұсынылды.