Бұл зерттеулердің нәтижелері айқас-қабырғалы конструктивті жүйесін қолдану мемлекеттік бағдарлама бойынша ҚНК жаппай құрылысында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Жер сілкінісіне төзімділікті сынау барысында отандық сәулетшілер әзірлеген жаңа дизайн схемасы тексерілді. Бұл тұрғын үйдің конструктивті жүйесі Қазақстанда алғаш рет қолданылды.
Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа құрылымдық жүйелері, сондай-ақ жаңа материалдар мен конструкциялар құрылыста жаппай қолданылғанға дейін тиісті сынақ жұмыстарынан өтуі керек. Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген ғалымдар «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандарының жұмысына жоғары баға берді.
«Бішкектен жаңа құрылымдық жүйелердің қалай әрекет ететінін көру үшін арнайы келдік», – деді Сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі халықаралық сарапшылар қауымдастығының президенті Ұлықбек Бегалиев.
Тұрғын үйді сынау бірнеше кезеңнен тұрды. Конструкцияларды сынаудың тербеліс әдісі түрлі сейсмикалық әсерлер кезінде конструкциялардың есептік схемасын анықтауға және сынақ зерттеулермен салыстыруға нақты мүмкіндік береді.
«Құрылыс нормалары бойынша кез келген құрылыс материалдары, нысандар сейсмикалық төзімділікке сыналуға тиіс. Мұндай сынақ Шымкентте үшінші рет өткізіліп отыр, оның нәтижелері зерттеу қорытындысынан кейін белгілі болады», – деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ басқарушы директоры Ералы Шоқбаров.
Сынақтың негізгі мақсаты Шымкент қаласында сейсмикалығы 7-8 балл болатын алаңдарда тоғыз қабатты ірі панельді тұрғын үйлерді салу мүмкіндігін бағалау болып саналады. Бұған дейін «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Алматы, Қонаев қалалары мен Ташкентте осындай сынақтар жүргізген болатын. Тұтастай алғанда, тәуелсіздік жылдары 20-ға жуық табиғи және 80-ге жуық стендтік сынақ өткізілген.