Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан «Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады. Сондай-ақ ол қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтты.