Әкімнің айтуынша, мегаполис бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсуде. Жыл сайын мұнда 33 мың сәби туады немесе әр 15 минут сайын сәби дүние есігін ашады.
Барлық талаптарға сай келетін және соңғы озық техникамен жабдықталған заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы туралы мәселе өткір тұр.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз 200 төсек-орындық перзентхана құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды аяқтаймыз, жыл соңына дейін конкурс жариялауды жоспарлап отырмыз. Жалпы, 2025 жылға қарай аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қалада қазірдің өзінде үш перзентхана бар. Бұл ең үлкен төртінші перзентхана болады», – деп қорытындылады мегаполис басшысы.