«2023 жылдың 8 маусымында университеттің Қоғамдық басқармасының шешімімен 36 білім беру бағдарламасы бойынша барлығы 100 грант бөлінді. Рейтингтен өткен азаматтарды қабылдауға дайынбыз», – деді С. Мақыш.

Атап айтқанда, осы санаттағы азаматтар үшін педагогикалық ғылымдар бағыты бойынша 17 грант, өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша 4 грант, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бойынша 3 грант, бизнес, басқару және құқық бағыты бойынша 1 грант бөлінген. Сонымен қатар жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бойынша 29 грант, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша 11 грант, инженерлік өңдеу және құрылыс салалары бойынша 30 грант, қызмет көрсету саласы бойынша 5 грант бөлініп отыр.

«Оның ішінде әр бағыттың өзінің ішкі білім беру бағдарламалар тобы бар. Оның бәрі бізде сайтта ашық түрде жарияланған. Қабылдау комиссиясы 20 маусымнан жұмысын бастайды. Келемін деушілерге есік ашық», – деп түйіндеді ЕҰУ проректоры.