Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Каспий теңізі мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия Аманжолова, ресейлік тарапты Каспий теңізі бойынша көпжақты келіссөздердегі Ресей делегациясының басшысы, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Михаил Петраков басқарды.
Іс-шара барысында Каспий келіссөздер процесі аясындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды, Каспий маңы мемлекеттерінің қарауындағы халықаралық шарттардың жобалары бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.