АӘК отбасының әрбір мүшесіне, жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына, яғни 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) қосымша төлем түріне ауыстырылды.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 157,2 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.