Ерлан Қарин Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмалары еліміздің мәдени және рухани саласын ортамерзімді перспективада дамытуды көздейтін «Жол картасы» секілді екенін атап өтіп, оның жоспарлы түрде, рет-ретімен әрі тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету қажет екенін айтты.
Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Құрылтай мүшелерінің үш секцияда және пленарлық отырыста көтерген идеялары мен ұсыныстарына зерделеу жұмыстарын жүргізуді, сараптама нәтижесі бойынша оларды қарастырудың Бірыңғай жоспарын әзірлеуді тапсырды.