Оның айтуынша, қазіргі таңда Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Wildberries халықаралық интернет-дүкенімен бірлесіп жұмыс істей бастады.
«Қазіргі кезде бізде ватсап чат ашылды. Ол чат бойынша мысалы, 2022 жылды алсақ, біздің комитет пен аумақтық департаменттерге 14 млн теңгеге 450 шағым түскен болатын. Соның ішінде 390 өтініш бойынша 11 млн-ы қайтарылды. Қазіргі кезде бұл жұмыс одан әрі жалғасады», – деді Б. Танабергенов.
Бұл ретте «e-Otinish» жүйесі арқылы әрбір тұтынушы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе оның аумақтық департаментіне, ал кепілақы төлеген кезде немесе басқа жағдайларда - ішкі істер органдарына жүгіне алады.