«Құбырдың құрылысы кесте бойынша жүргізілуде, күзге дейін аяқталады», – деп түйіндеді СҚО басшысы.

Өңір басшысы тұрғын үй салу, жолдарды жөндеу сияқты басқа да проблемалық мәселелерді шешу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

«Құрылысты аяқтау және бюджеттік үйлердің инженерлік желілерін жүргізу үшін қосымша қаржы бөлінді», – деді А.Сапаров.

Жоспар бойынша 300 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру қажет. Өңірде 36 көпқабатты үй, оның ішінде 16 коммерциялық үй салынуда. Жыл соңына дейін 3 мың отбасы жаңа пәтерлердің кілтін алады. 702 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтар арасында бөлінеді, оның ішінде 140 пәтерді жетім балалар алады.

Жолдарды жөндеу және құрылыс жұмыстарын қаржыландыру ұлғайтылды. Облыс әкімінің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда Петропавл қаласында жолдарды орташа және ағымдағы жөндеуге 12 есе көп қаражат бөлінген.

«Жалпы облыс бойынша жыл соңына дейін 705 км жолды, оның ішінде 110 км республикалық желіні, 480 км облысішілік жолдарды және 115 км кентішілік жолдарды ретке келтіру жоспарлануда. Бұл мақсаттарға 40 млрд теңге бөлінді.