2016 жылы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары ЕАЭО ортақ газ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын бекітті, ал 2018 жылы 3 кезеңде іске асырылатын ЕАЭО ортақ газ нарығын қалыптастыру жөніндегі бағдарлама мен Жол картасын қабылдады.

Бүгінгі таңда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер комиссиямен бірлесіп, ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастырудың 2 кезеңін орындау мақсатында халықаралық шарттың жобасы әзірленді, ол бойынша тараптар сараптамалық және жоғары деңгейлерде консультацияларды жалғастыруда.

Жалпы нарықты іске қосуды 2025 жылдан бастап жүзеге асыру жоспарлануда.

Халықаралық шарт жобасының ережелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үшінші елдермен газ саудасына қолданылмайды.

Сондай-ақ құжат нормалары ішкі нарықтарды реттеу мәселелерін қозғамайды.

ЕАЭО-ның жалпы газ нарығында газ тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтер (бағалар) кемсітусіз негізде қалыптастырылады, сондай-ақ өзара саудада кедендік әкелу және әкету баждары қолданылмайды.

Сонымен қатар ортақ газ нарығы қалыптасқанға дейін жасалған барлық ағымдағы екіжақты шарттар олардың талаптары толық орындалғанға дейін қолданыста болады.

Жалпы, осы салада ортақ нарық құру мүше мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін және ЕАЭО елдерінің аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелерін пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Олардың Қазақстан үшін басты артықшылықтарының бірі ЕАЭО елдерінің газ тасымалдау және транзит саласындағы табиғи монополиялар қызметтеріне кемсітусіз қол жеткізу болып табылады.