Министрліктің мәліметі бойынша, 2023 жылдың 5 айында өндірісте 18 трлн 479 млрд теңге сомасына 6,2 млн атқару іс болған. Оның 30%-ы немесе 2 млн аяқталды.

«Шамамен 6 969 адамға қатысты алимент бойынша берешекке байланысты елден шығуға уақытша шектеу қойылды», – деді ол.

Талдау көрсеткендей, алимент төлемеудің негізгі себептері негізінен борышкерлерде ресми жұмыс орнының, кірістің, өндіріп алуға болатын мүлкінің болмауы болып табылады.

Алимент өндіріп алу туралы барлық проблемалық атқарушылық іс жүргізу бойынша сот орындаушылары мәжбүрлеу сипатындағы шараларды қабылдайды.

«Өңірлік әділет департаменттері әкімдіктермен бірлесіп борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін тұрақты негізде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді. Мысалы, 2023 жылдың 5 айында республика бойынша осындай 1 362 борышкер жұмысқа орналастырылды», – деді министр.