Облыста жалпы 6 арендалық және 4 кредиттік, 17 коммерциялық үй салына бастады. Үй кезегінде тұрған әлеуметтік топтар үшін 998 млн теңгеге 100-ден астам пәтер салынады. Кезекте облыс бойынша 7 мың азамат тұр.

Сонымен қатар арнайы «Ұлытау жастары» бағдарламасы қабылданды. Оның аясында Отбасы банкімен бірге 40-тан астам жас тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Жеңілдетілген несие аясында облыстық бюджеттен жыл сайын 500 млн теңге бөлінеді.

Сондай-ақ Жезқазған қаласындағы 34-ке жуық апатты үйге қатысты мәселені шешу керек. Қазіргі уақытта осы жұмысқа қатыса алатын жергілікті құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.