Оның айтуынша, биыл Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы автомобиль көпірі ашылып, 400-ге дейін автобус жеткізіледі, 70-тен астам көше жөнделеді. Сондай-ақ, аялдамаларды, пандустарды, жаяу жүргіншілер жолын және әлеуметтік нысандарға кірме жолдарды жайластыру жұмыстары жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта Астананың маршруттық желісі 99 қалалық және қала маңына қатынайтын автобустардан тұрады. Күн сайын 904 автобус жолға шығады. 500-ге жуық автобус тапшылығы бар. Биыл қоғамдық көлік паркі 400 автобусқа ұлғаяды. Алғашқы 90 автобус шілде айында жеткізіледі. Бұл заманауи автобустар, оның ішінде электр автобустар. Бұл жаңа бағыттарды іске қосуға, күту аралығын қысқартуға, ескі автобустарды ауыстыруға мүмкіндік береді», – деді әкім.

Жеңіс Қасымбек 2012 жылдан бері өзгермеген жол ақысы субсидияланатынын, егер ол субсидияланбайтын болса, дизельмен, бензинмен жүретін автобустарда жол ақысы 300 теңгеден, ал электробастарда 400 теңгеден асатынын атап өтті.