Журналистің елорда күнін атап өтуге жұмсалатын қаражат мөлшері туралы сұрағына жауап бере отырып, Жеңіс Қасымбек Астана күніне орай 100-ден астам түрлі шара өткізу көзделгенін айтты, оның 80%-ы осы күнге дейін өткізілген. Бұл шаралардың 90%-ы бюджет есебінен емес, оны ұйымдастырған мекемелердің есебінен қаржыландырылады, деді әкім.

«Ол қаланың бюджеті емес. Біздің бюджеттен 300 млн теңгедей қаражат бөлуді жоспарлап отырмыз. Бірақ ол 300 млн теңге жыл сайын жазда өтетін шараларға көзделген. Биыл да сол көлемде», – деді әкім.

Осы орайда Ж. Қасымбек қандай да бір қосымша шаралар өткізілетін болса, олардың тек демеушілердің қолдауымен ғана ұйымдастырылатынын атап өтті.