Батыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде алдағы екі жылда 655 медициналық объекті салу көзделген, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

2023 жылға 99 медициналық нысанның құрылысына қаражат бөлінді.

Жаңа объектілерді салу нәтижесінде шамамен 1 млн ауыл тұрғыны медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен қосымша қамтылады, МСАК қолжетімділігін арттыру (профилактикалық тексерулер, скрининг, ерте анықтау), уақытылы медициналық көмек көрсету, асқынулардың профилактикасы қамтамасыз етіледі.

Биыл өңірде құрылыс-монтаж жұмыстары басталған 12 медициналық объектінің құрылысы жоспарланған.