«Жыл соңына дейін жүзу құралдарын, қайық моторларын, нысанды киім-кешектер, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды тіркеуге және ресімдеуге арналған арнайы жабдықтар сатып алу жоспарлануда», – деді спикер баспасөз конференциясында.
Қазіргі уақытта экология және табиғи ресурстар министрлігі браконьерлермен күресу үшін дрондар мен түнгі көру құралдарын сатып алуда.
«Браконьерлер әдетте жол талғамайтын техниканы пайдаланады, көбінесе қамыстың арасында жасырынады, сондықтан оларды анықтау қиынға соғады. Жаңа техника браконьерлерді тез анықтауға және құқық бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік береді», – деді Экология министрлігінің өкілі.