«Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарына 5-7 жыл мерзімге жылдық 2,5% жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді.
«Біздің облыс бойынша барлығы 1106 өтінім келіп түсті, оның ішінде жалпы сомасы 1 млрд 852 млн теңгеге 272 өтінім мақұлданды. Қалған өтінімдер әзірге қаралуда. Ақжайық, Теректі, Сырым, Казталов және Бәйтерек аудандары тұрғындары белсенділік танытуда. Бұл бағдарлама – өсімдік пен мал шаруашылығынан басқа да ауыл шаруашылығы техникасына сервистік қызмет көрсету, жартылай фабрикаттар өндіру, тігін цехы сияқты басқа да бағыттарды дамытуға жақсы мүмкіндік», – деді «Aqjaiyq» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Бақдәулет Ибраимов.
Азаматтардан келіп түскен өтінімдердегі жалпы қаражат сомасының облысқа берілген 6,4 млрд теңгелік лимиттен асып кетуіне байланысты қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Тамыз айының соңына дейін барлық өтінімдерді қарап, нәтижесін шығару аяқталады деп жоспарлануда.