Бірінші Қазақстан-ауған бизнес-форумы аясында Ауғанстаннан тауарлар көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Көрменің ассортиментінде дәстүрлі Ауған өнімдері: кілемдер, мыс ыдыстар, мәрмәр, бағалы және жартылай бағалы тастар мен одан жасалған бұйымдар, сондай-ақ кептірілген жеміс, шафран, дәмдеуіштер бар. Сондай-ақ, көрмеде құрылыс тауарлары, тұрмыстық және өндірістік химия, көкөністер мен жемістер, азық-түлік және басқа да тауарлар бар.
Көрме 3-5 тамыз аралығында EXPO аумағында, Конгресс-орталықта өтіп жатыр.