Астанадағы Қазақстан-Ауған іскерлік форумы аясында жалпы сомасы 190,8 млн долларға жуық экспорттық келісімшарттарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ұн мен өсімдік майын жеткізуге барлығы 15 шарт, сондай-ақ Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы (Қазақстан) мен Май дилерлерінің Балх одағы (Ауғанстан) арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалды.
Ауғанстан қазақстандық өсімдік майының ең ірі импорттаушыларының бестігіне кіреді, бұл форум алаңында қол жеткізілген уағдаластықтарды растайды. Қол қойылған келісімшарттардың жалпы санының 9-ы май жеткізуге қатысты.