І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша оң динамика қалыптасты.
Жыл басынан бері монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша 48 тергеу аяқталды, тағы 33 іс тергелуде. Жосықсыз нарық субъектілеріне 3,5 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 40-тан астам монополияға қарсы іс соттың қарауында. Құқық қорғау органдарының қатысуымен жүргізілген бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша бюджетке 15 млрд теңге өндірілді (2022 және 2023 жылдың І жартыжылдығы). Осылайша, жүргізілген тергеулер санының артуы да, салынған айыппұлдар сомасының өсуі де байқалады. Жүргізілген тергеу және оларды соттарда қарау тәжірибесі жетілдірілуде.
Сонымен қатар Агенттік қызметінің негізгі бағыты жүйелі шараларды әзірлеп, тауар нарықтарына сапалы талдау жүргізу болып қала бермек. Басты мақсат – оларды демонополизациялау және бәсекелестікті дамыту.
Электр энергиясын көтерме сауда нарықтарында бөлшек энергиямен жабдықтаушы ұйымдар атынан делдалдарды алып тастау арқылы өнеркәсіптік тұтынушылардың электр станцияларының ресурстарына тікелей қол жеткізуі қамтамасыз етілді, бұл тікелей шығындарды 4,5 млрд және одан артық сомаға төмендетуге мүмкіндік берді. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы институтының енгізілуіне және нарықты монополиялау жағдайында жаңа тәуекелдердің пайда болуына байланысты сауда-саттықтың ашықтығын арттыру, бірыңғай сатып алушының электр энергиясына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету және оның қызметтеріне бағаларды реттеу жөніндегі заңнамалық шаралар іске асырылды.
Коммуналдық-тұрмыстық көмірді көтерме саудада өткізу нарығында өңірлік көмір тұйықтарының көмір кен орындарына тікелей қолжетімділігі қамтамасыз етілді, бұл олардың шығындарын 5,6 млрд теңгеден астам сомаға азайтты. Энергетикалық көмір нарығында оның монополиялық жай-күйі мен ашық емес баға белгіленуіне байланысты нарықтың негізгі қатысушыларының бағаларын тікелей реттеуді енгізу жөніндегі шаралар қабылданады.
Агенттік бірыңғай операторларды қысқарту бойынша жұмысты жалғастырды. Арнайы құқық шеңберінде тиісті тізілімге енгізілген 17 оператордың қызметін реттеу ұсынылды. Сондай-ақ бәсекелестік ортаға берілуге тиіс операторлар пулы құрылды.
Сонымен қатар заңнаманы пысықтау кезінде агенттік 17 жаңа операторлық функцияны анықтады. Осыған байланысты агенттіктің бастамасы бойынша Премьер-министр Президенттің қарауына бірыңғай операторлар құруға мораторий енгізу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырды.
Азық-түлік бөлшек сауда қызметтерін көрсетуге арналған нарықты кешенді талдау аяқталды. Талдау қорытындысы бойынша бөлшек сауда нарығына кірудегі кедергілер анықталды, сондай-ақ сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманы бұзудың 27 фактісі анықталды.
2022 жылғы наурыздан бастап агенттік жаңа функцияны – нарық субъектілеріне тең қолжетімді ету жөніндегі мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін тұлғалардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады. БҚДА-ның аумақтық департаменттері жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізетін мониторинг нәтижелері бойынша бес облыста (Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда, ШҚО, БҚО) әкімдіктердің атына бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша хабарламалар шығарылды. Аталған өңірлерде ЖАО-ның бірдей жағдайлар кезінде бәсекелестікті шектелген, нәтижесінде мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуге алып келген әртүрлі шешімдер қабылданғаны анықталды.
Агенттік төрағасы аса маңызды міндет бәсекелестік қағидаттарда жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды ұлғайту болып табылатынын атап өтті. Ірі бизнес қолдау тапқан кезде «мемлекеттік қолдау шараларын дербестендіру» мәселелері бар, осыған байланысты агенттік басшысы аумақтық департаменттерге мониторингтік жұмысты күшейтуді тапсырды.