Әлеуметтік инспекторлар 62 тексеру жүргізді, оның 45-і жоспардан тыс және 17-і профилактикалық бақылау шеңберінде.
Сонымен қатар 13 мектеп, жергілікті атқарушы органдардың 8 аудандық бөлімі және жергілікті атқарушы органдардың облыстық басқармалары, 8 әкімдік, 7 дүкен, 4 сауда орталығы, 3 медициналық-әлеуметтік мекеме, 3 аурухана, 2 банк бөлімшесі, 3 Қазпошта бөлімшесі, 1 фитнес-клуб, 1 санаторий, 1 университет және т. б. мемлекеттік бақылаумен қамтылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар институты енгізілгенге дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2023 жылдың І жартыжылдығында 750 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 533 ұйғарым беріліп, 44 млн теңгеден астам сомаға 233 айыппұл салынды.
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік инспекторларды енгізу халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын уақытылы қорғап қана қоймай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға да ықпал етпек.