Елімізде кәсіпкерлерді қолдаудың қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары қолданылады. Бұл ретте қаржылық шаралардың ішінде несиелерді субсидиялауға сұраныс көп. Сыйақы мөлшерлемесі бөлігінде субсидиялау шеңберінде мемлекет 13,75% субсидиялайды, ал кәсіпкерлер қалаларда оның 8%-ын және ауылдық жерлерде 7%-ын төлейді.

«Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары іске асырыла басталғалы шамамен 7 трлн теңге несие қоржынына 95 мың кәсіпкерлік жобасына субсидиялаумен қолдау көрсетілді», – деді ҰЭМ өкілі.

Кредиттерге кепілдік беру бағдарламасы бойынша бағдарлама басталғалы 1,4 трлн теңге кредиттік портфель сомасына 57 мыңнан астам кредит қолдау тапты. Сонымен қатар «қысқа несиелер» деп аталатын шағын несиелеу құралы іске асырылуда.

«Инвестициялық мақсаттарға 3 жылға 20 млн теңгеге дейін, ал айналым капиталын толықтыруға 2 жыл мерзімге 5 млн теңге беріледі. Бұл салыстырмалы түрде жаңа құрал, бірақ ол қазірдің өзінде жоғары сұранысқа ие. Бүгінгі таңда 255 млрд теңгеге 38 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді», – деді Н. Жаңабеков.

Өтеусіз негіздегі мемлекеттік гранттар беру де табысты іске асырылуда. Оның сомасы 5 млн теңгеге дейін. 2012-2023 жылдар аралығында кәсіпкерлер үшін 17,6 млрд теңге сомасына 5600-ден астам грант берілді.

Жалпы, осы қаржы құралдарының әлеуметтік-экономикалық тиміділігіне тоқталсақ, осы бағдарламаларды іске асыру басталғалы 120 мың жаңа жұмыс орны құрылды, бюджетке 53 трлн теңгеден астам сомаға салық төленді, 3,4 трлн теңгеден артық ШОБ өнімі шығарылды, деп қорытындылады ҰЭМ департаментінің директоры.