Қолданыстағы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау шарттары бойынша 47 млрд теңгеге өтінім мақұлданды, бүгінде оның 41,4 млрд теңгесі төленді.
Жалпы, былтырғы жылғы қарыздарды ескере отырып, СБМАЖ жүйесі арқылы 184,4 млрд теңге төленді.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудың жаңа ұсыныстары бойынша 256,3 млрд теңгеге 12 490 өтінім берілді. Ауыл шаруашылығы басқармаларымен мақұлданып, 64,7 млрд теңге сомасын құрайтын 3 014 өтінім резервке жіберілді.
Ауыл шаруашылығы басқармаларының бірыңғай резервіне 103,5 млрд теңгеге 4 936 өтінім мөлшерінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша ұсыныстар енгізілді. Ережеге сәйкес бұл ұсыныстарға қол қаражаттың түсуіне қарай шарт жасалған соң қойылатын болады. Келісілу мен қол қою сатысында резервтен 2 317 шарт бар. 1 355 шартқа қол қойылды.
Бүгінгі таңда СБМАЖ-ға 55 389 пайдаланушы тіркелген.