Оның айтуынша, 2023-2024 жылға жылу беру маусымын ұйымдастыру жұмыстары наурыз айында бастап жолға қойылған. Сол наурыз айынан бастап еліміздегі барлық аймақтарда алдымыздағы жылға тұтынуға қажетті көмірлердің көлемі айқындалып, қай уақытта қажет екені нақтыланған. 

Бүгінгі күнге қажетті көмірдің көлемі – 9,1 млн тонна, соның ішінде халыққа тікелей қажетті көмірдің  көлемі – 6,8 млн тонна және тұрмыстық-коммуналдық салаға 2,3 млн тонна қажет. 

«Бүгінгі күнге қажетті  9,1 млн тонна көмірдің 2 млн тоннасы жеткізілген, осы аймақтарда бар, кейбіреуі тұтынылды, кейбіреуі қоймада сақталып тұр, яғни осы суық басталғанда тұтыныла беретін болады», -  деді ИИДМ өкілі.

Сонымен қатар Т. Жолмағамбетов былтыр ЖЭО-сында апат орын алған Екібастұздың жағдайына қатысты журналистің сұрағына жауап бере отырып, көмір қажетті көлемде бар екенін айтты.