Сонымен қатар биыл жастар арасынан 35,5 мың адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, 18,7 мың ЖОО және ТжКБ түлегі игерген мамандығы бойынша бастапқы тәжірибе жинау үшін жастар практикасына жіберілді, 6,6 мың адам «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастырылып, одан әрі қарай тұрақты жұмысқа шықты.

Бұдан басқа Қазақстанда 5 жылға дейінгі мерзімге мөлшерлемесі 2,5%-дан аспайтын шағын несие беру арқылы жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі.

2023-2025 жылдары барлығы 90,5 млрд теңге сомасына 18,2 мың шағын несие беру қарастырылған.

Атап айтқанда, 2023 жылы – 28,9 млрд теңгеге 5,8 мың, 2024 жылы – 30,3 млрд теңгеге 6,1 мың, 2025 жылы – 31,3 млрд теңгеге 6,3 мың шағын несие.

Жыл басынан бері 12,9 млрд теңге сомасына 2 915 шағын несие берілді.