Тамыздың 21-25 аралығында 18 өңірде 38 табиғи монополиялар субъектісі қамтылды. Атап айтқанда, Астана қ. – «Астана АЭК» АҚ; Алматы қ. – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ; Шымкент қ. – «З-Энергоорталық» АҚ; Алматы обл. – «Талғар су» МКК, «Жылуорталық» МКК; Ақмола обл. – «Степногор ЖЭО» ЖШС, «Степногорск Теплотранзит» ЖШС, «Атбасар су» МКК, «Теплосервис» МКК; Ақтөбе обл. – «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Алға жылу» МКК; Атырау обл. – «Атырау жылу желілері» АҚ; Қостанай обл. – «Арқалық ОЭК» МКК, «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «ССКӨБ» – «Электр станциясы» АҚ; ШҚО – «Л-ТВК» ЖШС, «Водоканал» МКК, «Риддер ЖЭО» АҚ, «Алтай КомХоз Сервис» МКК; БҚО – «Ақсайжылукуат» МКК; СҚО – «Севказэнерго» АҚ; Абай обл. – «Курчатов Су Арнасы» МКК, «Курчатов көпсалалы пайдалану кәсіпорны» МКК; Маңғыстау обл. – «МАЭК» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ; Қарағанды обл. – «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС, «Bassel Group LLS» ЖШС, «Оқжетпес-Т» ЖШС; Павлодар обл. – «Теплосервис Ақсу» МКК, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС, «ПРЭК» АҚ; Қызылорда обл. – «Қызылорда электр желісін тарату компаниясы» АҚ; Жамбыл обл. – «Таразтрансэнерго» МКК, «ҚазТрансГазАймақ» ЖЗҚ АҚ, «Жамбыл электр желілері» ЖШС, «Таразэнергоцентр» АҚ; Түркістан обл. – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС.

Тамыз айының соңына дейін «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті жергілікті атқарушы органдармен және қоғам белсенділерімен бірлесіп 2 коммуналдық кәсіпорынды қарайды. Сонымен қатар осы айда 87 табиғи монополиялар субъектісінен басқа қосымша 10 ТМС тексерілетін болады.