«2022 жылдың қаңтар айында отын бағасына байланысты басталған наразылық шаралары заңсыздық пен зорлық-зомбылыққа ұласты. Бұл Қазақстан үшін қайғылы жағдай. Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қақтығысты ұйымдастырушылар күткендей, демократиялық реформаларды тоқтатпай, оларды жеделдетуге ден қойды.
Екі жылға жуық уақыт өткен соң Қазақстанда Президент пен Үкімет бастаған саяси реформалар жүзеге асырылып, қоғамға баса назар аудара отырып, нағыз демократиялық институттар құру жұмыстары жалғасуда. Жақында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осы екі жыл ішінде Президенттік саяси реформалар аясында Қазақстан азаматтары қалаларда, ауылдарда және басқа да елді мекендерде 1668 әкімді (жергілікті билік органдарының басшыларын) сайлағанын атап өтті», – деп жазады Ник Пауэлл.
Толығырақ мына сілтеме бойынша оқыңыз: https://www.eureporter.co/kazakhstan-2/2023/08/28/political-reforms-continue-in-kazakhstan/