2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша шикізаттық емес тауарлардың экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1% -ға өсті ($12,11 млрд-тан 12,12 млрд-қа дейін), дем хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Қызметтердің экспорты І жартыжылдықта $2,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың 6 айындағы көрсеткіштерден 16,7%-ға асып түсті ($1,8 млрд).
Сыртқы нарықтарға жеткізілетін дайын ТОП-3 қазақстандық өнімдеріне – мыс пен мыс катодтары, ферроқорытпалар, уран кіреді.