Спикер атап өткендей, бүгін Үкімет отырысында бұл мәселе жан-жақты қаралып, аграршыларға шұғыл көмек көрсету шаралары қабылданды.

«Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алқабы 24 млн. га құрады, бұл ретте дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жинау алаңы 17,3 млн. га құрайды», - деді аграрлық ведомствоның өкілі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі дәнді және бұршақ дақылдарын жинау уақытылы басталғанын, егін түсімінің жақсы болуы күтілгенін атап өтті. Негізгі астық егетін аймақтарда 3 аптадан астам, ұзақ уақытқа созылған жауын-шашын кедергі тудырды, бұл жаңа жиын-терім астығының сапасының нашарлауына, астықтың өнуіне, жоғары ылғалдылығы мен рефакциясына және дәнді дақылдардың төмен өнімділігіне әкелді.

Бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 6,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе 40% жиналды. Орташа өнімділігі 9,5 ц / га болғанда 6,6 млн. тонна астық бастырылды. Салыстыру үшін, өткен жылы осындай күнге 11,6 млн га немесе 72,8% астық жиналды.

Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен барлық өңірлерде барлық мүдделі органдар мен ұйымдарды қоса отырып, салдарының ауқымын айқындау үшін жұмыс комиссиялары құрылды.

Облыстардың жұмыс комиссиялары еліміздің барлық зардап шеккен аймақтарына барып, егін жинау жұмыстарының барысына талдау жүргізді. Әкімдіктердің мәліметінше, өскен астық 2,7 млн. га алқапта немесе жалпы егін жинау алаңының 15% байқалады. Шығу қорытындысы бойынша фермерлерді қолдау және нөсер жаңбырдың салдарын азайту мақсатында шұғыл шаралар қабылданды.

Осылайша, Энергетика министрлігімен бірлесіп астықты кептіру үшін дизель отынын бөлу мәселесі пысықталды. 18 қыркүйектен бастап ақпараттық жүйеде өтінімдерді қабылдау басталды.

Әкімдіктердің деректері бойынша облыстардың астықты кептіруге арналған дизель отынына жалпы қажеттілігі 73 мың тоннаны құрайды, оның 19 мың тоннасын сатылмаған отынның қолда бар резерві есебінен жабу жоспарлануда. Барлық қажеттілікті жабу үшін литріне 250 теңгеден аспайтын бағамен қосымша 54 мың тонна бөлу қажет. Тиісті өтінім Энергетика министрлігіне жолданды.

Министр атап өткендей, барлық астық қабылдау кәсіпорындарының астық қабылдауға дайындығы екі рет тексеріліп, олардың тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды.

ҚазАгроҚаржы филиалдарына жедел режимде фермерлердің стационарлық және мобильді астық кептіргіштерді лизингке алуға өтінімдерін қарауды жүзеге асыру тапсырылды.

Жиналған егіннің сапасының төмендігіне байланысты тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі өткір болады, деп атап өтті елдің аграрлық ведомствосы.

«Осыған байланысты Азық-түлік корпорациясы тұқым қорын қалыптастыру мақсатында қолда бар астық қорларының тұқым ретінде пайдалануға жарамдылығына сараптама жүргізуді бастады. Өнімділігі, тазалығы және басқа параметрлері бойынша сәйкес келетін астық бөлек қоймаланады. Облыстардың өтінімдері бойынша мұндай астық егіс жұмыстарын жүргізу кезінде фермерлерге тауарлық кредит ретінде берілетін болады», - деді А. Сапаров.

Тағы бір маңызды көмек: Азық-түлік корпорациясының желісі бойынша астықты жеткізу мерзімі осы жылдың 1 қазанынан 1 қарашасына дейін ұзартылды.

Сондай-ақ Үкімет отырысында қосымша «Бәйтерек» холдингі мен Азық-түлік корпорациясының қаржы институттарына өңірлердегі комиссиялардың жұмысы негізінде кредиттерді ұзарту мәселелерін жеке тәртіппен пысықтау тапсырылды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін айыппұл санкцияларын салмай ұзарту қажеттілігі ерекше атап өтілді.