Спикердің айтуынша, 2018 жылдан бері құрылыстың сапасын мемлекеттік бақылау жүйесі жедел ықпал ету шараларын қабылдау мүмкіндігінсіз, тек профилактикалық сипатта болды. Сонымен қатар тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде шағым түспеген жағдайда профилактикалық бақылау жүргізу мүмкін болмады.
«Бүгінгі таңда әкімдіктердің МСҚБ органдары тек азаматтардың шағымдары бойынша тексерулер жүргізеді және 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша салынып жатқан объектілерді тексерулермен қамту салынып жатқан объектілер санының тек 9% (салынып жатқан 11 001 объектіге 1 186 тексеру жүргізілді) құрады», – деді ӨҚМ өкілі.
Бұл, оның пікірінше, құрылыстардың, қосымша құрылыстардың өз бетінше жүргізілуінің артуына және жобалық шешімдердің сақталмауына әкеледі. Бұдан басқа, заңсыз немесе өз бетінше құрылысқа жол бермеу бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін сәулет органдары мен МСҚБ арасында тиісті өзара іс-қимыл жоқ.
Осыған байланысты салынып жатқан (салуға жоспарланған) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу тәртібін айқындау қағидалары 2022 жылғы желтоқсаннан бастап ведомстволық бағынысты аумаққа барып, оны көзбен шолып қараумен мониторингті жүзеге асыру бөлігінде толықтырылды.
«Сонымен қатар, бақылауды күшейту мақсатында комитет «жедел ден қою шарасы» жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Мәжіліс қарап жатқан «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында тиісті түзетулер көзделген», – деді Б. Жүнісбеков.
Бақылаудың жаңа формасы құрылыстың сапасына уақытылы инспекция жүргізуге және бұзушылықтардың, оның ішінде ҚМЖ тоқтата тұрумен рұқсат беру құжаттарынан айыруға дейін жолын кесуге мүмкіндік береді. Бақылаудың бұл түрін e-Qurylys жүйесінде цифрландыру жоспарлануда, бұл бейресми қатынастардың тәуекелдерін азайтады және ашықтықты қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қою рәсімін, жобаға сәйкестік және құрылыс сапасы туралы қорытындыларды, сәйкестік туралы декларацияны автоматтандыру жөніндегі сервисті әзірлеу көзделеді.
Әзірленіп жатқан Құрылыс кодексі шеңберінде қосымша «объектілерді жоспарлы инспекциялау» тетігін енгізе отырып, құрылыс және қабылдау кезеңдерінде мемлекеттік бақылауды күшейту және объектілерді пайдалануға қабылдауда мүдделі органдармен МСҚБ органдарының қатысуы көзделеді.
Бұдан басқа, мамандарды міндетті сертификаттауды енгізе отырып, барлық субъектілерді Бірыңғай цифрлық тізілімге көшіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, барлық берілген рұқсаттарға ревизия жүргізіледі, бұл нақты уақыт режимінде еңбек және материалдық ресурстардың болуын бақылауға мүмкіндік береді.