Спикер атап өткендей, бұл Түркістан облысындағы «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперациясының халықаралық орталығы (Өзбекстан); Жамбыл облысындағы индустриялық сауда-логистикалық кешен (Қырғызстан); БҚО-дағы «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы (Ресей); Маңғыстау облысындағы «Каспий» контейнерлік хабы, сондай-ақ Жетісу облысында «Қорғас торабы» трансшекаралық хабы (ҚХР).
«Озыңқы даму аймақтары ретінде трансшекаралық хабтар жүйесін құру арқылы шекара маңы елдерімен бірлесіп жаңа өндірістер құру өнеркәсіптік кооперация мен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ықпал ететін болады», - деп есептейді вице-министр.
Оның пікірінше, бұл экономиканың өнеркәсіптік секторын орнықты дамыту саласындағы мақсаттарға қол жеткізу арқылы ел халқының әл-ауқатын арттыруға, өндірісті, сондай-ақ логистиканы дамыту үшін заманауи инфрақұрылымды құруға және дамытуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, өңіраралық және халықаралық көлік-экономикалық байланыстар кеңейеді, елімізде қолайлы индустриялық және инвестициялық ахуал қалыптасады және ұлттық экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуі артады.
Сондай-ақ қосылған құны жоғары отандық тауарлар мен қызметтердің экспорттық әлеуеті дамитын болады, өз өндірісімізді дамыту есебінен импортқа тәуелділік қысқарады.
«Бұл шаралар экспорт көлемін едәуір арттыруға және қазақстандық тауарларды жеткізу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жалпы, шикізаттық емес экспортты ұлғайту бойынша жұмыс нәтижесінде елдің төлем балансына оң әсерін тигізеді», - деп қорытындылады Қ.Төребаев.