Журналистің сұрағына жауап бере отырып, министр ведомство енгізіп жатқан «платформалық жұмыспен қамту» ұғымының мәнін түсіндірді.
«Баяндамада мен өткен жылы Қазақстанда 31 трлн теңге жалақы түрінде төленгенін атап өттім. Алайда, осы соманың 16 трлн теңгесі есепке алынбаған, яғни «көлеңкелі экономикаға» кеткен. Талдау көрсеткендей, ауыл шаруашылығы, сауда және құрылыс «көлеңкелі экономикаға» көбірек ұшырайды», - деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, платформалық жұмыспен қамту тек «Яндекс-такси» немесе курьерлерді ғана қамтуды көздемейді. Біз «көлеңкелі экономиканы» алып тастайтын және бұл жүйені пайдалану өте ыңғайлы екенін көрсететін жүйені жасағымыз келеді, өйткені ертең әркімнің болашағы қоғамның дамуына қатысуына байланысты болады, деп атап өтті спикер.
«Бұл әр транзакциядан, әр төлемнен белгілі бір соманы 4 пайызға алуға мүмкіндік беретін цифрлық платформа. Мысалы, егер такси жүргізушісі 2000 теңге қызмет көрсетсе, онда 80 теңге оператордың транзиттік шотына алынады. Айдың соңында бұл ақша тікелей мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорындағы, МӘМС, БЖЗҚ-дағы жеке шоттарға және бюджетке жіберіледі. Мұның бәрі автоматты режимде болады», – деп түсіндірді С.Жақыпова.
Ол үшін біз қазір Ұлттық банкпен, Қаржы министрлігімен, екінші деңгейлі банктермен жұмыс істеп жатырмыз, деді министр.