Қазақстанда жыл сайын 10 мыңнан астам өрт орын алады, нәтижесінде 300 астам адам қайтыс болады. Бұл ретте өрттер мен қаза тапқандардың негізгі бөлігі тұрғын үй секторында тіркелген. Бұл туралы ОКҚ алаңында Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев айтты.  

Спикер осы жылдың 1 қазанынан бастап республика бойынша жылыту кезеңі басталатынын айтты. Қазірдің өзінде елімізде 7 560 өрт тіркеліп, 229 адам қаза тапты.
Азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды түсіндіру әдістерінің бірі – алдын алу жұмыстары.

«Министрліктің бөлімшелері жыл бойы республика бойынша кең ауқымды үгіт-насихат іс-шараларын өткізеді. Өткен жылдардағы тәжірибеден жылыту кезеңі басталғанға дейін республикалық өрт қауіпсіздігі акциялары өткізілуде. Азаматтарға жылыту жүйесі мен пештердің құрылысын қалай әрі қай уақытта жөндеу керектігі түсіндіріліп көрсетілуде. Мұндай жұмыс азаматтар мен олардың туыстарын қорғауға мүмкіндік береді», – деді Марғұлан Аманбаев.

Профилактика барысында анықталған мысалы, заңсыз жатақханалар сияқты фактілер бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін тұрғын үй инспекциясына, мемлекеттік сәулет-құрылыс басқрмасына, сондай-ақ салық органдарына нұсқаулар жіберілді.

«Мұндай шаралар азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауда қауіпсіздік мәдениетін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстарды, түрлі ақпараттық науқандарды тұрақты түрде өткізу жоспарлануда, онда халыққа төтенше жағдайлар кезіндегі қарапайым шаралар түсіндірілетін болады», – деп қорытындылады спикер.