Өрт қауіпсіздігі қызметкерлері жылыту кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударады.  Жыл сайын жылыту маусымы басталғанға дейін министрлік әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп, олардың санын анықтап, атаулы профилактика көрсету үшін есепке алады. 

«Бүгінгі таңда әлеуметтік осал топтағы адамдар тұратын 112 мыңнан астам тұрғын үй есепке алынды», – деді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марғұлан Аманбаев.

Аралау жұмыстары пештерді, электр жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ газ жабдықтары мен баллондарды пайдалану және сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсету үшін жүргізіледі.

Спикер жеке тұрғын үй секторын жауапкершілікке тартпайтындарын, тек азаматтардың өзі мен отбасыларын өрттен, көмірқышқыл газымен улану салдарынан қалай қорғауға болатындығы туралы ұсыныстар беретіндерін айтты. 25 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 172 мыңнан астам рейдтер жүргізіліп, оның барысында халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 25 мыңнан астам үйде өрт қауіпсіздігін бұзып пештерді пайдаланатыны анықталды, ол туралы әкімдіктерге хабарланды. Жанғыш материалдарды жылыту құрылғыларының жанында дұрыс сақтамау, заттарды пештің үстінде кептіру сияқты бұзушылықтардың негізгі бөлігі сол жерде қалпына келтірілді, қалғандары бойынша ұсыныстар беріледі.

«Осыған байланысты, азаматтарымыздың назарларын мынаған аударғым келеді: өрт қауіпсіздігінің қарапайым қағидаларын сақтаңыздар. Газ баллондарын жылыту құрылғыларының жанында сақтамаңыздар, киім-кешектеріңбен заттарыңызды пештің үстінде кептірмеңіздер, мүмкіндігінше мұржаларды тазалап тұрыңыздар», – деп қорытындылады Марғұлан Аманбаев.