Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды. Байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық жарыстың MС2 1000 м бағдарламасында өнер көрсеткен отандастарымыз 3:49 уақыт көрсеткішімен 2-ші келді.
Мария Бровкова байдаркада және каноэде ескек есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында тас жолдағы велоспорттан жекелей есеп сайысында сынға түскен Рината Сұлтанова мансабында алғаш рет Азия ойындарында үшінші орын алды.