Биыл 9-14 қазанда Алматы қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы XII Республикалық халық аспаптарында орындаушылар конкурсы өтеді. Бұл туралы «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.

Бұл конкурс араға жеті жыл салып өтпек.        .

«Конкурс биыл Құрманғазы оркестрінің 90-шы концерттік маусымына тұспа-тұс келуіне орай бас жүлде екі номинация бойынша табысталады. Осыған дейін тек «Домбыра» номинациясы болған еді, оркестрдің 90 жылдық кезеңіне орай «Прима қобыз» жүлдесі қосылды.  Сонымен қатар  «Домра прима», «Шертер», «Қылқобыз», «Сырнай» номинациялары бойынша  жүйріктер бақ сынайды», – деді Медет Қуанышев.

Оның айтуынша, байқауға республика бойынша 16-40 жас аралығындағы өнерпаздардан 150 өтінім қабылданды.      

Мақсаты – күй өнерінің классигі Құрманғазы шығармашылығын насихаттау, халық аспаптарында орындаушылық шеберлігі жоғары дарынды жастарды анықтау. 

Қазылар алқасының құрамы елімізге белгілі дәстүрлі орындаушылардан құралған.