Оның айтуынша, стартаптар жарысына қатысуға Қазақстаннан өзге, Түркия, Сингапур, Тәжікстан, Грузия, АҚШ, Әзербайжан, Ресей, Монголия стартапшыларынан өтінімдер түскен.
«Оның жеңімпазы деменцияны ерте сатыда анықтауға бағытталған MyMind деген жоба болды. Премияны Draper University және Draper Venture Network негізін қалаушы Тим Дрейпер табыс еткен болатын. The Most Innovative стартапы бір экожүйеде әлеуметтік желі, веб-сайт құрастырушы және онлайн-төлемдер қызметін ұсынатын Qtap платформасы және сауда нүктесінің деректерін ноутбук немесе смартфонның көмегімен цифрлауға мүмкіндік беретін Beksar жобасы, Best AI Startup – жасанды интеллектке негізделген стартап арасынан әр балаға жеке ертегі құрауға маманданған MyStory сервисі жеңімпаз атанды. Және Most Investable Startup - ең инновациялық стартап атағы қонақүйлерде магнит кілттерді цифрлық кілттерге алмастыратын Porte жобасына бұйырды. Сонымен бірге Astana Hub Battle-да Астананың оқушылары құрап шыққан Shabyt деген жобас көрермен көзайымына айналып, 1 миллион теңге көлемінде ақшалай жүлдеге ие болды», - деп бөлісті Astana Hub өкілі.
Спикер бөліскен мәліметке сәйкес, Digital Bridge 2023 алаңында дәстүрлі түрде көптеген көрмелер мен аймақтар ұйымдастырылды. IT-мектептер мен аймақтық IT-хабтар көрмесінде еліміздегі 16 үздік IT-мектеп және 14 өңірлік хаб өкілдері келушілерге цифрландырудың дамуы, білім беру бағдарламалары мен өңірлердегі стартаптардың жетістіктерімен бөлісті. Ал Pitching Zone-да, сондай-ақ VC, стартаптар мен компаниялар көрмелерінде IT-кәсіпкерлер өз жобаларын ұсынып, жетістіктері мен жоспарлары туралы әңгімелеп, түрлі салалардағы ірі корпорациялар өкілдерінің пікірін біліп, ынтымақтасу мүмкіндігіне ие болды.