Сырым Шәріпханов сауалдың өзекті, алайда оңай емес екенін айтып, тексеру функциялары шағын және орта бизнеске қысымды төмендету мақсатында тоқтатылғанын жеткізді.
«Жақында болған және «Ақкент» тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде түтін шығару жүйесі, өртке қарсы дабыл тиімді жұмыс істемегенін көрді, баспалдақ алаңдарына түтін толып, адамдардың эвакуациялануына кедергі болды. Астанадағы тұрғын үй кешендері мен биік ғимараттарын тексердік және қазір ол жұмыстар жалғасуда. Пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің өкілдерімен бірлесіп қарап, бар кемшіліктерге нұсқау бердік, алайда нұсқамалар қалдырылған жоқ», - деп атап өтті ТЖМ басшысы және ол көпқабатты үйлердің тұрғындары ғимараттың күтіміне, соның ішінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өздері жауапты екенін ескесалды.
Дәл осы себептен ведомство халықтың «қауіпсіздік мәдениетін» арттыру бағытында жұмыс жүргізуді қолға алмақ.
«Бүгінде еліміздегі тіршілік қауіпсіздігі негіздерін зерделеу білім берудің барлық деңгейлерінде жеңілдетілді. ТЖ кезіндегі іс-қимылдарды оқыту жүйелі сипатта және оқудың барлық кезеңдерінде жүргізілуі тиіс. Осыған байланысты, біз қоғамның қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың жалпыұлттық тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз, оны іске асыру халықтың ТЖ кезінде жеткілікті дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа қауіптер мен сын-қатерлердің пайда болуы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Төтенше жағдайлар жүйесінің рөлі мен орнын қайта қарастыруды талап етеді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігін трансформациялау жұмыстары басталды. Ең алдымен, ТЖ салдарын жою жүйесінен олардың алдын алуға, сондай-ақ, төтенше жағдайларға ден қою дайындығын арттыру жолымен тәуекелдерді азайтуға көшу көзделеді», – деп түсіндірді спикер.
Қазіргі уақытта Министрлік «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі, оны қабылдау төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.