Анонимділікті қамтамасыз ету үшін адами фактордың әсерін болдырмау үшін іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткерге ID нөмірлерін беру қарастырылған. Сондай-ақ, байқау рәсімінің ашықтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді. 

«Жүйеде «Е-қызмет» барлық басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланды, яғни кандидаттар артық құжаттар жинамайды - олар автоматты түрде жүйеден алынады. Тестілеу өткізілетін нормативтік-құқықтық актілердің саны 9-дан 4-ке дейін қысқартылды.  Енді үміткерлердің құзыретін бағалауға баса назар аударылады. Конкурс жеке қасиеттерін бағалауды, кандидаттың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін, басшылық лауазымдар үшін эссе жазуды және пилоттық мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесуді көздейді. Жүйе кандидаттың жеке кабинетіне жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізіледі. Кандидатқа бос лауазым және функционалдық бағыттарға сәйкес жеке қасиеттері бойынша, оның ішінде бұрынғы жұмыс орындарына қатысты жалпы сипаттағы сұрақтар қойылады», - деп түсіндірді спикер. 

1 наурыздан бастап бұл жүйе 6 мемлекеттік органда пилоттық режимде сынақтан өткізілуде. Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, сауда және интеграция министрліктерінде, сондай-ақ Ақмола облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерінде.

«Бүгінгі таңда 855 байқау өткізіліп, оған 5 мыңға жуық үміткер қатысты. 421 адам мемлекеттік қызметке қабылданды. Жаңа жүйені сынақтан өткізу қорытындысы бойынша келесі жылы оны өнеркәсіптік пайдалануға беру, сондай-ақ оған басқа мемлекеттік органдарды қосу көзделген», - деп атап өтті Жолманов. 

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерді бағалау институтының рөлін арттыру мақсатында тиімділікті өлшеудің озық құралдарын пайдалана отырып, тоқсан сайын бағалау жүргізу енгізілді. KPI және 360° қолданылады. Бағалау процесі де «Е-қызмет» жүйесі негізінде  толық автоматтандырылған.