Қаржы вице-министрі қазақстандықтардың өз берешектерінің көлемі туралы ақпаратты қадағаламайтындарын жеткізді.

«Банкроттық процесін іске асыру кезінде байқағанымыз, көп азаматтар өзінің қарыз сомаларын толыққанды білмейді немесе арыздарда дұрыс көрсетпейді. Мысалы, Атырау қаласының тұрғыны өзінде 8 млрд теңге қарызы бар деп арызында көрсеткен. Бірақ біз барлық қаржылық ұйымдардан мәлімет жинағанда нақты қарызы 1 млн 380 мың теңгені құрады. Немесе басқа мысал, Қызылорда облысының тұрғыны өзінің қарызын 1300 теңге деп көрсетті. Бірақ қаржылық ұйымдардың деректеріне жүгінсек, ол 1 млн 100 теңгені құрады. Сондықтан деректердің қайшылығын болдырмау үшін болашақта арыз бергенде нақты соманы көрсетпей, деректерді мемлекеттік кредиттік бюродан жинай аламыз. Сондай өзгерістер енгізгелі жатырмыз», - деп бөлісті спикер.