Оның айтуынша, бүгінде қызылша ауруы еліміздің барлық өңірлерінде тіркелді.
«Аурудың жоғары деңгейі Шымкент қаласында – 2 283 жағдай, Алматы қаласында - 2 217 жағдай, Жамбыл облысында - 1 605 жағдай, Алматы қаласында – 1215 жағдай және Атырау облысында – 940 жағдай», – деп атап көрсетті спикер.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары мәлім еткендей, ауру егілмеген балалар арасында тіркелуде, ауырған балалар ішінде олардың үлесі 84%-ды құрап отыр.
Дөңгелек үстел отырысында жарияланған мәліметке сәйкес, еліміздің 727 мектебінде қызылшамен ауырудың 1444 жағдайы тіркелген. Бұл ретте алғашқы 72 сағат ішінде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша 2 565 байланыста болған адам егілді, 1552 ата-ана балаларын егуден бас тартты, 538 баланың вакцинацияға медициналық қарсы көрсетілімі бар.
Мектепке дейінгі мекемелердегі жағдай келесідей: 1083 балалардың мектепке дейінгі мекемесінде 1690 жағдай тіркеліп, ошақтарда эпидемиологиялық көрсетілім бойынша 1469 байланыста болған адам егілді, 1,5 мың бала вакцинациядан бас тартуға байланысты егілген жоқ, 936 балада медициналық қарсы көрсетілім бар.
«Ошақтарда жедел вакцинация егілмеген адамдарды инфекциядан уақтылы қорғау және инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында науқаспен соңғы байланыста болған кезден бастап алғашқы 72 сағат ішінде жүргізіледі», – деп хабарлады комитет төрағасының орынбасары.
Ол қазіргі уақытта балалардың ата-аналары арасында, сондай-ақ қызылшамен ауырған адаммен байланыста болған 30 жасқа дейінгі адамдар арасында эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша вакцинациядан бас тарту орын алып жатқанын жеткізді.