Бұл тамыз айында Жезқазған  мыс балқыту зауытының кен-термиялық пешін күрделі жөндеуге тоқтатуымен байланысты. Жыл аяғын дейін бұл жұмыстар аяқталып, көрсеткіштер қалпына келуі керек», - деді облыс әкімі.  

Ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділік 34%-ға азайған. Оның да өз себебі бар. Әкімнің айтуынша, жауын-шашынның ұзаққа созылуына байланысты өсімдік шаруашылығының өсімі төмендеген. 

Облыстың оң даму көрсеткен салалары: тұрғын үйді пайдалануға беру 54%-ға, негізгі капиталға инвестициялар 22%-ға, көлік пен сауда тиісінше 4%-ға өскен.

Облыс басшысы жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін атап көрсетті. 

«Республика бойынша 4-ші орын және 3,4 млн теңгені құрайды, бұл орташа республикалық деңгейден 30%-ға жоғары. Жылдың аяғына дейін жан басына 7,5 млн теңге болады деп күтілуде», - деп мәлім етті Берік Әбдіғалиұлы. 

Сондай-ақ Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысындағы орташа айлық жалақы 471 300 теңгеге дейін артқанын жеткізді. Оның мәліметінше, бұл орташа республикалық деңгейден 1,3 %-ға  жоғары және республика бойыша 3-орын.